• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 17 Қыркүйек, 2021

Қырғыз президенті тәліптермен диалогты қолдады

362 рет
көрсетілді

Душанбеде өткен ҰҚШҰ саммитінде қырғыз президенті тәліптермен диалогты қолдады, деп жазады Egemen.kz.

Орталық Азия жаңалықтар қызметінің жазуынша, жиын жабық есік жағдайында өткен. Оған Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан президенттері мен Армения премьер-министрі және Ресейдің сыртқы істер министрі қатысты. Ресей басшысы Владимир Путин онлайн-форматта қатысып отырды.

Жиын кезінде Қырғыз президенті Садыр Жапаров тәліптермен Ауғанстандағы жағдайды тезірек қалыпқа келтіру және ынтымақтастық мәселесінде диалогқа келу керек екенін айтқан.

Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон болса, «Талибан» қозғалысы өзінің берген уәдесін орындамағанын айтып, сынға алған.

«Тәліптер өзге де этникалық топтардың қатысуымен инклюзивті үкімет құрамыз деген уәдесін орындамады. Оның үстіне ортағасырлық шариғат заңына сүйеніп, ислам Эмиратын құрамыз деп мәлімдеді», деген тәжік президенті.

Тәжікстан президенті сонымен бірге Ауғанстаннан күнделікті келіп жатқан ақпаратқа сәйкес, «жағдай біз ойлағаннан да күрделі екенін көрсетіп отыр» деген. Ол тәліптерді Панджшер қаласын тұтастай қоршап, азық-түлік жібермей отыр деп айыптады.

Әзірге Ресейдің Ауғанстандағы жағдайға байланысты ұстанымы айқын болмады. Владимир Путин әріптестеріне кез келген жағдайға дайын болуға шақырған.

17 қыркүйекте Душанбеде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің лидерлерінің басқосуы өтеді.