• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қыркүйек, 2021

Ақтауда алғаш рет жерасты қоқыс контейнері орнатылды

488 рет
көрсетілді

Түрік компаниясы Ақтау қаласына жерасты қоқыс контейнерін сыйға тартты, деп хабарлайды, Egemen.kz.

Алғаш рет орнатылған жерасты контейнерінің бірнеше артықшылықтары бар. Мәселен, қаланың эстетикалық келбеті жақсарып, жағалау аймағындағы туризмнің дамуына оң әсерін тигізеді. Қала тұрғындары мен қонақтарының демалуына да қолайлы болмақ. Өйткені, контейнерлерден қолайсыз иіс шықпайды және арнайы техникамен шығару кезде қоқыс жан-жаққа төгілмейді.

«Ақтау қаласына келгеніме 2 жылдан асты. Әсем қалада ескі контейнердің тұрғанын көріп, компанияның атынан осындай жерасты қоқыс жәшіктерін сыйға тартуды шештім. Көрші елдер арасындағы ынтымақтастық нығая берсін», деді компания директоры Әли Делибудак.

Сонымен қатар, заманауи контейнердің көлемі қазіргі қолданыстағы қоқыс жәшіктерінен үлкен. Бұл өз кезегінде рейстер санын азайтып, қоқыс шығаратын мекемелер үшін тиімді болмақ.

Қала әкімінің орынбасары С.Гусманның айтуынша жаңа үлгідегі қоқыс контейнерін орнату жөнінде қалалық мәслихаттың кезекті сессиясына ұсыныс берілмек.