• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 17 Қыркүйек, 2021

Алматыда шенеунік 3,7 млн теңге парамен ұсталды

424 рет
көрсетілді

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қаладағы Түрксіб ауданы әкімдігінің абаттандыру бөлімінің басшысы Константин Воропаевты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

10 қыркүйекте Желіде Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімдігінің абаттандыру бөлімінің басшысы Константин Воропаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл ақпаратты енді растады.

Ведомствоның мәліметінше, шенеунік 7 қыркүйекте ұсталған. Ол «Саңыраулардың қазақ қоғамы» директоры Л.Дауылбаевадан мемлекеттік сатып алу шарты бойынша орындалған жалған жұмыстарға қол қойғаны үшін 3,7 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

Воропаев екі айға қамауға алынды.