Ұлыбританияда COVID-19-ға қарсы жаппай қайта вакцина салдыру басталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық сақтау министрі Саджид Джавидтің айтуынша, тізімге енгізілген азаматтарға кезек жақындаған кезде хабарланады.
Ревакцинациядан ел халқының жартысына жуығы, яғни 35 млн британдыққа дейін өтуі тиіс.
Ол дәрігерлерге, әлеуметтік қызметкерлерге, 50 жастан асқан адамдарға және созылмалы ауруы бар немесе иммунитеті төмен адамдарға, сондай-ақ осы пациенттердің жақындарына қатысты.