• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қыркүйек, 2021

Алматыда тағы да жер сілкінді

171 рет
көрсетілді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 17 қыркүйек күні 15:06-да (Гринвич бойынша 09 сағат 06 минут 00 секундта) жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 419 км қашықтықта, Қытай шекарасында орналасқан.

Зілзаланың энергетикалық класы - 10.2. Магнитудасы - 4.0. MPV. Бағыты - 43.38°с.е. 82.06° ш.б. Тереңдігі - 10 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ.