Бұл туралы Превенция қызметі басшысының орынбасары Ғанижан Асанұлы «AntikorNews» брифингінде айтты, деп жазады Egemen.kz.
Асанұлы атап өткендей, 2 АЕК-тен кем пара беру пара берушіні жауапкершіліктен босатпайды.
«Заңсыз материалдық сыйақының және сыйлықтардың мұндай түрі 200 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Мұндай құқық бұзушылықтар, қылмыстық немесе әкімшілік болсын, сіздің жеке ісіңізде із қалдырады. Бұл сіз үшін де, жақындарыңыз үшін де жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Мысалы, бұл мемлекеттік қызметке және квазимемлекеттік секторға жұмысқа орналасуға кедергі болады. Сондай-ақ Еңбек кодексінің 52-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау жұмыс берушінің өзінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу үшін негіз», деді Ғанижан Асанұлы.
Сыбайлас жемқорлық көріністеріне кезіккен жағдайда, бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тәулік бойғы call-орталығына 1424 нөмірі бойынша хабарласуға болады.
«Қоңырау шалу тегін. Ақпарат расталған жағдайда 80 мыңнан 11 млн теңгеге дейінгі ақшалай сыйақы беріледі», деді ол.