• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 17 Қыркүйек, 2021

Мемлекетті шығынға батырған ғылыми орталық қызметкерлері сотталды

329 рет
көрсетілді

Ақкөл аудандық сотының үкімімен, Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директорынан бастап ЖШС-ның бөлім маманына дейін бірнеше жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сот үкімімен:

Орталықтың бас директоры Қ.Абдуллаев (ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 16 эпизод) 10 жылға бас бостандығынан айырылды; «Монолит-1» ЖШС директоры С. Сулутаева (ҚР ҚК 28 - бабы 5-бөлігі-189-тармағы, 2-тармағы, 1 эпизод) 8 жылға бас бостандығынан айырылды; Орталықтың мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Е. Косакова 8 жылға бас бостандығынан айырылды (ҚК 28 бабы 5 бөлігі - 189 бөлігі 4 тармағы, 11 эпизод); Орталықтағы кадр бөлімінің маманы И. Копервас (ҚК 28 - бабы 5-бөлігі 189-бабы 4-тармағы 2-тармағы, 1-бөлім) 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Аталған тұлғалардың барлығы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, орташа қауіпсіз түзеу мекемелерінде жазасын өтеуге сотталған.

Олар 2018-2020 жылдар аралығында аффилиирленген компаниялармен шарттар жасасу жолымен жұмыстар мен қызметтерді іс жүзінде орындамай, сондай-ақ кәсіпорын ғимараттарын ағымдағы жөндеу кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындамау арқылы бюджет қаражатын жүйелі негізде жымқыруда күдіктенген, осылайша мемлекетке аса ірі мөлшерде 190 млн теңгеден астам материалдық залал келтірген.