Солтүстік Корея қару-жараққа арналған уранды байыту зауыттын кеңейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы NHK телеарнасы мәлімдеді.
Телеарна мәліметінше, Монтерейдағы Миддлбери халықаралық зерттеулер институтының америкалық маманы Джеффри Льюис КХДР-дағы Йонбен ядролық орталығының аумағында белсенділікті тіркеген.
Маманның айтуынша, зауытты кеңейту бойынша құрылыс жұмыстары қолданыстағы ғимарат маңында басталған сияқты. Суреттерде экскаватор, сондай-ақ аумақты қоршау үшін салынған қабырға көрінеді. Ол жақында қоршалған аумаққа кіруді қамтамасыз ету үшін зауыт ғимаратының бүйірінен панельдер алып тасталғанын айтты. «Йонбеннің кеңеюі қару-жарақ өндірісі үшін ядролық материалдар өндірісін ұлғайту жоспарын көрсетуі мүмкін», деді Льюис. Льюистің айтуынша, жаңа алаң мыңдаған центрифугаларды орналастыруға жететіндей үлкен болуы мүмкін. Бұл қару-жарақ уран өндіретін нысанның мүмкіндіктерін 25 пайызға арттырады. Бұған дейін нысанның ауданы мың шаршы метрге өскені белгілі болды.Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік өз баяндамасында Йонбендегі КХДР-ның ядролық әзірлемелеріне қатысты елеулі алаңдаушылық білдіргені айтылды.