Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылдың 17 қыркүйегінде халықаралық авиарейстермен елге келген жолаушылар бойынша ақпарат жариялады, деп жазады Egemen.kz.
2021 жылдың 17 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Грузия, Черногория, Түркия, Египет, Қытай, Украина, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 40 халықаралық әуе рейсімен 5 997 авиажолаушы келген. Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына – 18 рейс, 2 925 жолаушы;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 461 жолаушы;
- Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 261 жолаушы;
- Ақтау қаласының әуежайына – 6 рейс, 616 жолаушы;
- Ақтөбе қаласының әуежайына 1 рейс, 33 жолаушы;
- Атырау қаласының әуежайына - 2 рейс, 340 жолаушы;
- Түркістан қаласының әуежайына - 1 рейс, 122 жолаушы;
- Орал қаласының әуежайына - 1 рейс, 239 жолаушы;
«Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келді», деп жазылған хабарламада.