Бұл туралы Ә. Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Бұған дейін белгілі археолог А.Астафьевтің музей қорына екі ғасырлық желкенді кеменің бекіткіштері мен бұрандаларын, шегелерін табыстаған еді. Енді аталған кеменің зәкірі де музейден орын тапты.
«Бес тармақты, жоғары жағында арқан байланатын шығыршығы бар металл құрылғының апат салдарынан бір «тырнағы» сынған. Салмағы – 120 келі, ұзындығы кісі бойынан асады», деп жазылған музей хабарламасында.