• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Қыркүйек, 2021

Атырау облысында 28 адам суға батып кетті

166 рет
көрсетілді

Атырау облысында биылғы шомылу маусымында 28 адам суға батып кеткен. Бұл туралы өңірлік төтенше жағдайлар департаменті​ азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Бақыт Абланов айтты, деп жазады Egemen.kz.

«Өңірдегі су айдындарында қаупі басым 70 учаске бар. Балық аулаушылар мен жағалауда демалушылар арасында суға кету дерегі азаймай отыр. Өйткені, тұрғындар арнайы жабдықталмаған орындарда шомылады», дейді Бақыт Абланов.

Спикердің айтуынша, Махамбет ауданында – 19, Атырау қаласының аумағында – 17, Қызылқоғада – 15, Индерде – 10, Жылыойда – 7, Құрманғазы ауданында 2 қауіпті учаске орналасқан.

«Биылғы шомылу маусымында қауіпті учаскелерде 28 адам суға батып кетті. Оның ішінде 10 бала бар», деді басқарма басшысы.