Лермонтов - Мәшһүр Жүсіпов қиылысында келе жатқан трамвайдың шатырында жалын пайда болған, деп жазады Egemen.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрттің қысқа тұйықталудан шыққанын хабарлады.
«N166 трамвайдың төбесінде электр сымдарының қысқа тұйықталуынан жалын пайда болды. Оқиға орнына бес адам мен бір техника шықты. Олар жеткенше куәгерлер отты өрт сөндіргішпен өшіріп үлгерген», деп хабарлады ТЖД.
Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.