Ауғанстанда билікті басып алған «Талибан» радикалды қозғалысы жақын арада оқушы қыздардың мектепке баруына рұқсат бермек. Бұл туралы уақытша үкіметтегі Ақпарат және мәдениет министрінің орынбасары Забихулла Муджахид мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
«Ауғанстан Ислам Әмірлігінің шенеуніктері қазіргі уақытта сыныптарды бөлу, сонымен қатар мұғалімдерді қыздар мектебіне тағайындау бойынша жұмыс жасап жатыр», деді ол.
Жұма күні Ауғанстан Білім министрлігі ел мектептерінің 1-6 сыныптарында сабақ 18 қыркүйектен бастап қайта жанданатынын, бірақ әзірге оқу процесіне тек ер балалар мен ер мұғалімдер шақырылатынын хабарлады.
Жергілікті БАҚ бұрын хабарлағандай, Талибан Ауғанстанның барлық оқу орнында әйелдер мен еркектерге бөлек білім беруді енгізуді жоспарлап отыр.