• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Қыркүйек, 2021

Тәліптер өзбек тілін ресми мәртебесінен айырды

590 рет
көрсетілді

«Талибан» көшбасшылары уақытша заң шығарды. Құжат бойынша жаңа басқару жүйесін құрып, бұрынғы заңнамада бекітілген үш тілдің орнына екі ресми тілді қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Негіздер» деп аталатын заң Ауғанстанның ресми діні ретінде -  ислам дінінің ханафи мазхабын, ресми тілі деп пушту мен дариді көрсетеді. Бұрын Ауғанстанда солтүстік провинциялардың көптеген тұрғыны сөйлейтін өзбек тілі де ресми мәртебеге ие болатын. Сонымен қатар, елде шииттер де бар. Оған негізінен хазарлардан кіреді.

Құжатқа сәйкес, Ауғанстанда исламдық заңгерлер кеңесі мен жоғарғы кеңес құрылады, оның құрамына әр провинциядан саясаткерлер, ғалымдар мен дін қызметкерлері кіреді.

Атқарушы биліктің басшысы - Президент, оны азаматтар мен жоғары кеңес мүшелері сайлайды. Сайлаудың ашық өтуін қамтамасыз ету үшін сайлау комиссиясы құрылады. Егер бұрынғы үкімет кезінде Ауғанстан Ұлттық Ассамблеясының өкілдері дербес депутаттық құқыққа ие болса, жаңа үкімет ол құқықтан айыруды көздеп отыр.