• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 18 Қыркүйек, 2021

Дарын Қонысбаев триатлоннан Азия чемпионы атанды

177 рет
көрсетілді

Бүгін Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында триатлон спринттен Азия чемпионаты өтті, деп жазады Egemen.kz.

Әйелдер арасындағы сында қазақстандық Екатерина Шабалина күміс жүлдегер атанды. ҰОК баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол олимиадалық қашықтық бойынша Азия чемпионатындағы үздік алтылыққа енген.

Біріншіліктің алтын және қола жүлдесін жапониялық Сарика Накаяма мен Чисато Накаджима иеленді.

Команданың өзге де мүшелері Надежда Бекмағанбетова - 4-ші, Юлия Озерова 8-ші орыннан көрінген. 

Ерлер арасындағы бәсекеде екі қазақстандық спортшы үздік нәтиже көрсетті. Дарын Қонысбаев Азия чемпионы атанса, Аян Бейсенбаев қоланы қанағат тұтты. Жапондық Киотаро Йошикава күміс жүлдені иеленді.

Мейірлан Ысқақов - 7-ші, Темірлан Теміров 8-ші сатыдан көрінді.

15 жасқа дейінгі спортшылар арасында жеңісті қазақстандық спортшылар өзара бөлісті. Никита Дубинский - алтын, Станислав Глок - күміс, Тимур Бәкіров қола жүлде жеңіп алды. 

Қыздар арасындағы сында қазақстандық Диана Ержанова топ жарды. Тағы бір қазақстандық спортшы Ангелина Редченко үздік үштікті тұйықтады.