Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың екі миллионыншы тұрғынына жаңа пәтердің кілтін тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша Алматының екі миллионыншы тұрғыны - 2021 жылы 21 маусымда дүниеге келген Аяла Жамбыл.
Қала күніне арналған жиында әкім Бақытжан Сағынтаев Аяланың ата-анасына Наурызбай ауданындағы «Алма Сити-5» тұрғын үй кешеніндегі үш бөлмелі жаңа пәтердің кілтін тапсырып, отбасына зор денсаулық, бақ-береке тіледі.