• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Қыркүйек, 2021

Алдағы үш күнде ауа райының қандай болатыны айтылды

189 рет
көрсетілді

Қазгидромет 21-23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атмосфералық фронтальді жүйелермен батыста, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр жауады, елдің солтүстігі мен шығысында екпінді желмен аздаған жауын-шашын болады.

Ауа температурасы елдің батысында түнде 3-17, күндіз 12-28 жылы, солтүстік-батыста түнде 0-7 жылы, кей жерлерде 3 градус үсік жүреді. Ал орталықта және облыстың шығысында түнде 0-5 жылы, 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде 4-15, күндіз 17-28 градус жылы болады.