• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
31 Қаңтар, 2014

Сәби дәретке сұранбағаны үшін өлім құшты

291 рет
көрсетілді

Алматы облысы Ескелді ауылы Теректі ауылында қаңтардың 25-і күні үш жасар Надя Белоногова аяқ астынан жоғалып кетті. Сол бойда оны іздеуге полиция қызметкерлері, әскерилер, ерікті халық жасақтары мен ауыл тұрғындары түгел көте­рілді.

 

Алматы облысы Ескелді ауылы Теректі ауылында қаңтардың 25-і күні үш жасар Надя Белоногова аяқ астынан жоғалып кетті. Сол бойда оны іздеуге полиция қызметкерлері, әскерилер, ерікті халық жасақтары мен ауыл тұрғындары түгел көте­рілді.

Кейін анықталғандай, сәбиді 32 жастағы өгей әкесі ұрып өлтірген болып шықты. Баланың бар жазығы уақтылы дәретке сұранбағаны екен. Үстін бүлдіріп алған кішкентай қызды ол бас салып, соққының астына алады. Ересек адамнан өлімші болып таяқ жеген Надя еңкілдеп жылаған қалпы диванға жатады.

Біраздан кейін дыбысы шықпай қалған баланы барып көрген өгей әкесі оның өліп кеткенін біледі. Содан кейін қылмысының ізін жасырмақ болып, кішкентай мүрдені ауыл сыртындағы өзеннің суаты­на ағызып жібереді. Титімдей қа­рындастарының жоқ болып кеткенін 25 қаңтарда әуелі үйдегі естияр балалар аңғарады. Ал келесі күні баланың жоғалғаны туралы Ескелді аудандық ішкі істер бөліміне хабарланады.

Тексеру барысында балалардың өгей әкесінің наркологиялық диспансерде «алкоголизм» диагнозымен ем алып жүргені анықталды. 27 қаңтар күні жедел-іздеу шараларының ба­рысында Сергей Сыроед өзінің жа­са­ған қылмысын толық мойындады. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Баланың денесі сот-ме­ди­­циналық сараптамаға жіберілді.

Құрыш НҰРЫМБЕТ.

Соңғы жаңалықтар