Перм университетінде атысты ұйымдастырған 18 жастағы Тимур Бекмансуров, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұқаралық ақпарат құралдары қылмыскер әлеуметтік желіде жоспары жайлы жазба қалдырғанын хабарлады. Онда өзінің ешқандай лаңкестік ұйымға мүше еместігін және мұндай шабуыл жасуды 10-сыныптан бастап жоспарлағанын айтқан. Сол кезден бастап, көлік жүргізу куәлігін аламын деген сылтаумен қару-жараққа ақша жинап келген.
Атыс салдарынан 8 адам қаза туып, 16-сы жараланған.
Аталған оқиға кезінде жоғарғы оқу орнының ресми сайты студенттерге аудиториядан шықпай, іштен бекініп алуды ескертті. Бірақ зәресі ұшқан жастар ғимараттың терезесінен секіріп, қаша бастаған.
Ал Тимур Бекмансуров құрықтау барысында ауыр жараланып, қаза тапты. Оқиғаға байланысты «Қарулы шабуыл жасау» фактісімен қылмыстық іс қозғалған.
Айта кетейік, дәл осындай оқиға Ресей мектептерінің бірінде жақында ғана болған еді.