22 қыркүйекте Қазақстан Кубогының ширек финалдық ойындары өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Елорда уақытымен 18:00-де «Каспий» - «Астана» және «Тараз» - «Шахтер» ойындары басталады, ал 20:00-де «Тобыл» - «Қызыл-Жар СК» және «Қайрат» - «Қайсар» кездесулері басталады.
Еске сала кетсек, «Тобыл» - «Қызыл-Жар СК» және «Астана» - «Каспий» жұптары үшін бұл осы кезеңнің екінші матчтары болмақ. Өткен айда қостанайлықтар петропавлдықтарды минималды түрде 1:0 есебімен жеңді, Ал Нұр-Сұлтан мен Ақтау клубтарының ойынында 3:3 есептік тең ойын тіркелді.