• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Экономика 20 Қыркүйек, 2021

Қазақстанда электр энергиясы қымбаттады

715 рет
көрсетілді

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша осы жылдың тамыз айында электр энергиясының тарифтері электр плиталары қолданылған жағдайда 100 кВт/сағ үшін 1,5 мың теңге және электр плиталары қолданылмаған жағдайда 1,4 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

2020 жылдың тамызымен салыстырғанда баға орташа есеппен 24%-ға өскен. Бұл ретте осы жылдың басынан бері өсім 19%-дан асты.

II деңгейдегі тұтынушылар үшін тариф айтарлықтай қымбаттаған жоқ – жыл басынан бері 17,5-18,4%-ға, 100 кВт/сағ үшін 1,8 мың теңгеге дейін. Жылдық өсім шамамен 21%-ды құрады.

III деңгейде өсім жоғары болды: жыл басынан бері – 18,2-19,2%-ға, 100 кВт/сағ үшін 2,3 мың теңгеге дейін. Жылдық өсім – 21,3-22,4%.

Сонымен қатар, өңірлер арасында ең арзан тариф тамыз айында Ақтөбе мен Атырауда байқалды – I деңгейде 1 мың теңгеден аз.

Ең жоғары тарифтер Алматы мен Ақтауда тіркелді – 100 кВт/сағ үшін 1,7 мың теңгеден астам. Нұр-Сұлтанда электр қуаты 100 кВт/сағ үшін 1,1-1,2 мың теңге тұрады. Шымкентте – 100 кВт/сағ құны шамамен 1,5 мың теңге.

Қазақстанда 2021 жылдың соңына дейін электр энергиясы бағасының өсуі болжанып отыр.

Әкімдік белгілеген электр энергиясын тұтыну деңгейіне байланысты тарифтер есептеледі. Мысалы, Алматыда тұтынудың I деңгейі – бір тұрғынға 90 кВтс-қа дейін, тұтынудың II деңгейі – 90 кВтс-тан 160 кВтс-қа дейін, III деңгейі – 160 кВтс-та жоғары.