• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Қыркүйек, 2021

Кабул әуежайы коммерциялық рейстер үшін ашылды

208 рет
көрсетілді

Кабул әуежайы ішкі және халықаралық коммерциялық рейстер үшін ресми түрде ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ауғанстанның азаматтық авиация басқармасындағы дереккөзге сілтеме жасап.

Әуежай 06:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Тамыздың басында «Талибан» содырлары АҚШ әскерлерінің елден шығарылуы аясында үкімет күштерінің позицияларына шабуыл жасап, 15 тамызда Кабулға кірді. Әуежай 31 тамызға дейін АҚШ және басқа елдер өз азаматтары мен кейбір ауғандықтарды эвакуациялау үшін пайдаланылды.

Бұған дейін «Талибан» Ресей және Түркиямен әуе қатынасын қалпына келтіргісі келетінін хабарлаған.