• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 20 Қыркүйек, 2021

Вакцина алмаған жұмысшылар жұмыстан шеттетіледі

240 рет
көрсетілді

Павлодар облысының бас санитар дәрігері өнеркәсіп кәсіпорындарының вакцина алмаған қызметкерлерін штаттық жұмысқа жібермеу туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Өнеркәсіп кәсіпорындарының COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған жұмыскерлерін күндізгі режимде жұмысқа жіберу шектелсін. Бұл ретте ұйымдарың екпе алмаған қызметкерлеріне 7 күнде бір рет ПТР-тесті тапсыруға міндеттелсін», деп жазылған қаулы мәтінінде.

Өңірлік бас санитардың мұндай шешім қабылдауы ҚР бас санитар дәрігерінің №38 қаулысына сәйкес келеді.

«Осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасына енгізілмеген ұйымдардың/объектілердің COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған жұмыскерлерін күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектеу туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты өңірлік жедел штабтар қабылдайды», деп жазылған қаулыда.