• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Қыркүйек, 2021

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы көлемі қандай?

673 рет
көрсетілді

2021 жылғы қаңтардан тамызға дейін көпбалалы отбасылар бойынша мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен орта есеппен 188,4 миллиард теңгеге 447,1 мың отбасы қамтылды. Тамыз айында 452,3 мың отбасы 23,8 миллиард теңге жәрдемақы алды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар отбасылар табысына қарамастан, мемлекеттік жәрдемақыға үміткер бола алады.

Төлемдердің мөлшері балалар санына байланысты сараланған және 2021 жылы 46 760 теңгеден (4 бала), 58 457 теңгеден (5 бала), 70 154 теңгеден (6 бала), 81 852 теңгеден (7 бала), 8 баламен – 93 344 теңгеден, 9 баламен – 105 012 теңгеден, 10 баламен – 116 680 теңгеден, 11 – 128 348 теңгеден, 12 – 140 016 теңгеден, 13-тен – 151 684 теңге, 14 – 163 352 теңге, 15 – 175 020 теңге, 16 - 186 688 теңге.

Еске сала кетсек, көпбалалы отбасыларға олардың табыстарын есепке алмай жаңа мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты шеңберінде енгізілген болатын.