• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Экономика 21 Қыркүйек, 2021

Ауыл шаруашылығы министрі бидай бағасы туралы айтты

492 рет
көрсетілді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында бидайдың тоннасы қанша теңгеден сатылып жатқанын айтты, деп жазады Egemen.kz.

«Биыл, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында, Азық-түлік корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды жүзеге асырды. Соның арқасында Азық-түлік корпорациясының ресурстарына 769,4 мың тонна көлемінде астық жеткізуге келісімшарт жасалды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен толықтай есеп айырысу үшін Азық-түлік корпорациясы бидай сатып алу бағасын 3-сыныпты бидай үшін сапасына қарай 103-107 мың теңге аралығында, 4-сыныпты бидай үшін 98 мың теңге, 2-сыныпты арпа үшін 87 мың теңге мөлшерінде белгіледі. Азық-түлік корпорациясының сатып алу бағалары ішкі нарықтағы ағымдағы бағаларға сәйкес келеді. Бұл фермерлердің шығындарын саланың одан әрі дамуын қамтамасыз ететін рентабельділік деңгейімен өтеуге мүмкіндік береді», деді Ербол Қарашөкеев.

Министрдің айтуынша, Азық-түлік корпорациясының сатып алу бағасы келісімшарттар жасасу кезінде бағдар болады. Бұл астық бағасын тұрақты ұстауға мүмкіндік береді.