• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Қыркүйек, 2021

Ақмола облысында кітапхана директоры мен орынбасары сотталды

281 рет
көрсетілді

Ақмола облысы прокуратурасының тексеруімен мәдениет басқармасының құрылымдық бөлімшелерінің қызметінде бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс прокуратурасымен жедел-іздестіру іс-шаралары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ директоры мен оның орынбасарының бюджет қаражатын жымқыру фактілері расталды.

Қылмыстық іске мекеменің ондаған қызметкерлері мен мекеме басшыларының туыстары тартылды. Жалақы және басқа да төлемдер басшылық пен басқа да қызметкерлердің банктік шоттарына жалған өтініштер негізінде аудару жолымен ұрланған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу үшін тексеру материалдары мен жиналған дәлелдемелер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне жолданды. Екі ай ішінде қылмыстық істі тергеу аяқталып, айыптау актісімен сотқа жіберілді.

Көкшетау қалалық сотының 2021 жылғы 16 шілдедегі үкімімен мекеме директоры мен оның орынбасары жалпы сомасы 3,8 миллион теңгеге айыппұл тағайындаумен сотталды. Аталған адамдар өмір бойы мемлекеттік қызметте және ұйымдарда лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Сот үкімі 2021 жылғы 3 тамызда заңды күшіне енді.