Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Қолайлы эпидемиологиялық ахуалы және халықты вакцинациялаудың жоғары деңгейі бар 30 шет мемлекетпен Қазақстан Республикасына кіру үшін визасыз режимді қайта басталады.
Атап айтқанда Италия, Нидерланды, Франция, Германия, Испания, Жапония, БАӘ, Сауд Арабиясы, Кувейт, Польша Дания, Чили, Венгрия, Корея, Чехия, Бахрейн, Катар, Монако, Кипр, Исландия, Финляндия, Мальта, Швеция, Португалия, Лихтенштейн, Словакия, Люксембург, Канада, Сингапур, Бельгия елдері үшін жарамды. Сондай-ақ 27 қыркүйектен бастап «Ashyq» бойынша «қауіпсіз» мәртебесі бар адамдарды тойға, түрлі іс-шараларға шақыруға рұқсат етілді.
Сонымен қатар16 елмен әуе қатынасын жаңарту және ұлғайту көзделді.