Алматы облысының «Жартасты қала – Астана» оқу-жаттығу полигонында «Жер-2021» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды, деп жазады Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқу-жаттығу «Алматы облысындағы жойқын жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштер мен құралдарын дайындау» тақырыбында өтіп жатыр.
Мақсаты – төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жүйені одан әрі жетілдіру, сондай-ақ жойқын жер сілкінісі туындаған кезде ТЖ жоюға азаматтық қорғаудың басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау.