• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Қыркүйек, 2021

Қазақстан волейболшылары 2022 жылғы Әлем чемпионатына қатысады

624 рет
көрсетілді

Халықаралық волейбол федерациясы (FIVB) ресми рейтинг бойынша волейболдан әлемдегі басты турнирге Қазақстанның әйелдер құрамасына жолдама берді, деп жазады Egemen.kz.

Халықаралық волейбол федерациясы (FIVB) 2022 жылғы Әлем чемпионатына қатысу үшін Қазақстан әйелдер құрамасына жолдама берді. Қазір құрама әлемдік рейтингте 23-орында тұр.

Осымен волейболдан ұлттық құрама әлем чемпионатына бесінші рет жолдама алып отыр. Бұған дейін  2006, 2010, 2014, 2018 жылдардағы әлем чемпионатына қатысқан. 2014 жылы Италияда өткен турнирде 1/8 финалға шықты.

Отандық волейболшыларды әлем чемпионатына Петр Хилько дайындайды.