• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Қыркүйек, 2021

Азия чемпионаты: Гандболдан Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты

320 рет
көрсетілді

Гандболдан Азия біріншілігінде топтық раундтың ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан командасы «А» тобында төрт ойын ойнап, үшеуінде жеңіске жетті.

Кореялықтармен өткен соңғы ойында қарсылас тарап 40:20 есебімен жеңіске жетті.

Жеңіліске қарамастан, қазақстандық ұжым екінші орыннан жартылай финалға шығады.

1/2 финал кезеңіндегі болашақ қарсыластар қазіргі уақытта В кіші тобын басқаратын Жапония командасы болмақ.

Жартылай финал 23 қыркүйекте өтеді.