• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Қыркүйек, 2021

Қауіпті Кумбре-Вьеха жанартауы екінші рет атқылады

238 рет
көрсетілді

Испанияның Ла Пальма аралындағы Кумбре-Вьеха жанартауы екінші рет атқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таудан аққан шоқ пен аспанға көтерілген күл 200-ге тарта үйді, жолдар мен фермаларды қиратқан. Құтқарушылар апатқа жақын маңда орналасқан елді мекеннің 6 мың тұрғынын эвакуациялады. Мамандар қауіп әлі де жоғары дейді.

Аққан лаваның жылдамдығы сағатына 300 метрге дейін жетеді. Жерасты дүмпулері де толастамай тұр. Жер сілкінісі Африканың солтүстік-батыс аралдарында да сезілген.

Айта кетейік, Кумбре-Вьеха жанартауы өткен аптаның соңында атқылай бастаған.