Үндістанның Гуджарат штатындағы портта жүргізілген ауқымды операция аясында Контрабандамен күрес жөніндегі қызмет шамамен 2,7 млрд доллар сомаға бағаланған үш тоннаға жуық героин тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz BBC-ге сілтеме жасап.
Тауар тальк ретінде Ауғанстаннан Бендер-Аббас иран порты арқылы жеткен. Үндістанның салықты барлау қызметі (DRI) елге келе жатқан жүктің ішінде есірткі бар екені туралы ақпарат алды. Барлау қызметінің деректері бойынша, тауарды елдің оңтүстігіндегі Виджаявада қаласындағы үнді компаниясы импорттаған.
Есірткіні заңсыз айналымға енгізу ісі бойынша екі адам ұсталды, тағы бірнеше адам тергеліп жатыр. Олардың қатарында Ауғанстан азаматтары бар. Қылмыстық сараптама алдағы уақытта тәркіленген есірткінің нақты құнын анықтайды. Тінту шаралары сонымен қатар Дели, Ахмадабад және Ченнаи сияқты қалаларда да өтті.