• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Тарих 22 Қыркүйек, 2021

28 тарихи нысан қайта жаңғыртылды - Аида Балаева

213 рет
көрсетілді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аила Балаева Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кеңейтілген мәжілісінде ел бойынша 28 тарихи нысан қайта жаңғыртылғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Ақпарат министрі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы 2021 жылдан бастап Үкімет қаулысымен Ұлттық жоба ретінде дайындалғанын атап өтті. Балаеваның айтуынша, жоба аясында әзірленген шаралар жас ерекшелігіне қарай топтастырылған.

«Бүгінгі таңда бағдарламаның алты негізгі бағыты бойынша 16 арнайы жоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың арасында «Туған жер», «100 жаңа есім», «Киелі Қазақстан», «100 жаңа оқулық» жобалары бар», деді министр.

Министрдің мәлімдемесіне сүйенсек, «Туған жер» жобасына 13 мыңнан астам меценат қатысқан. Олар ел аумағында 280 млрд теңгеге 7 мыңға жуық әлеуметтік нысан салған.

«Киелі Қазақстан» жобасы аясында жалпыұлттық маңызы бар танымал орындар мен нысандардың тізімі кеңейтілген.

«Жалпыұлттық маңызы бар 2 мыңнан астам нысан және өңірлік маңызы бар 500-ден астам нысан анықталып, еліміздің киелі жерлерінің картасы мен екі томдық энциклопедиясы жарияланды. Ел бойынша 28 тарихи нысан қайта жаңғыртылып, «Бозоқ», «Ботай» және «Сарайшық» мұражай-қорықтары ашылды», деді министр.