• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Қыркүйек, 2021

Архив мамандарының жалақысы 20%-ға дейін өседі

276 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымов архив қызметкерінің орташа еңбекақысы қанша теңге екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.

«Мойындауымыз керек, осы уақытқа дейін бұл кәсіпті шын сүйетін адамдар ғана архив ісімен айналысқан шығар. Өйткені жабық бөлмеде отырып, ескі құжаттарды, қағаздарды сұрыптап, тазалап, кезекке қоюдың не екенін өзіңіз де түсінесіз. Мұны осы кәсіпті жақсы көретіндер ғана жасай алады. Бұл еңбек лайықты түрде ақталуы керек», деді ол «Тәуелсіздік және Елбасы: жасампаздықтың жаңа тарихы» халықаралық практикалық конференциясында.

Вице-министр Қазақстандағы архив қызметкерінің орташа жалақысын ататынын айтты.

«Қазір архивтегі мамандардың орташа жалақысы 60 мың теңгенің айналасында. 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысы көтеріледі. Ең төменгі өсім 20%-ға дейін болады», деді Ғабидолла Әбдірахымов.