• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Қыркүйек, 2021

Президент кеңесшісіне қастандық жасалды

657 рет
көрсетілді

Украина Президентінің кеңесшісі Сергей Шефирге қастандық жасалды. Кеңесші зардап шеккен жоқ, бірақ оның жүргізушісіне оқ тиген, деп жазады Egemen.kz. 

«Страна.UA» басылымының жазуынша, Шефир үйінен көлікпен шығып, жұмысқа келе жатқанда қастандық жасалған. Орман маңынан өтіп бара жатқан көлікке оқ жаудырған. Көлікке шамамен 12-15 оқ тиген. Жүргізуші оқ жарақатымен ауруханаға түскен. 

«Қазір жүргізуші ауыр жағдайда реанимацияда жатыр», деп жазады басылым.

Полиция қылмыскерлерді іздеу үшін арнайы операция жүргізіп жатыр.

Сергей Шефир - Украина Президентінің жолдасы және іскер серіктесі. Ол «Квартал 95» студиясының тең иесі.

Бұған дейін Sputnik радиосы Жоғарғы Рада спикері Дмитрий Разумков Зеленскийдің бастамаларына диверсия жасады деген күдікке ілінгенін хабарлаған болатын.

Сергей Шефир. Фото «Лига».