Нұр-Сұлтанда жоғалып кеткен 19 жасар қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 қыркүйекте сағат 11:00-де полицияға үйден шығып, оралмаған қызының жоғалғаны туралы жеткізген жергілікті тұрғын жүгінді.
Жоғалған қызды іздестіру үшін қалалық полиция департаментінің жеке құрамы, жаяу патрульге түскен Ұлттық ұланның жеке құрамы, сондай-ақ еріктілер мен жұртшылық бағдарланды. Соңғы рет қызды Бараев көшесіндегі көпірден көрген. Іздеуге сүңгуірлер тобын тарту туралы шешім қабылданды.
«22 қыркүйек күні сағат 11:20-да жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері ТЖМ жедел-құтқару жасағымен бірге Есіл өзенінен қыздың мәйітін тапты», деп хабарлады Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.