• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Қыркүйек, 2021

Риддерде жоғалып кеткен 5 жасар бала табылды

193 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жоғалып кеткен 5 жасар бала табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін сағат 14:00 шамасында полицияға қоңырау шалған әйел адам ұлының жоғалып кеткендігін айтқан.

Белгілі болғандай, Матвей есімді 5 жасар бала үйден аулаға шығып, сол күйі қайтып оралмаған. Ата-анасы қанша іздегендерімен оны таба алмаған.

«Полиция қызметкерлері бірден жедел-іздестіру шараларына кірісті. Баланы табу үшін волонтерлер де жұмылдырылған. Көп ұзамай Матвей аулалардың бірінен аман-есен табылды. Қазіргі уақытта бала ата-анасына жеткізілді», деп хабарлады ведомство өкілдері.