• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Қыркүйек, 2021

Қазақстанда аяқ киім қымбаттады

862 рет
көрсетілді

Сегіз айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда бір жылда аяқ киім 6%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Еnergyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Зерттеушілер атап өткендей, балаларға арналған аяқ киімінің бағасы шамамен 9%-ға өсті.

«Ағымдағы жылы ерлерге арналған аяқ киім 6,5%-ға, әйелдерге арналған аяқ киім 5,2%-ға қымбаттады. Балалар аяқ киімінің бағасы 8,5%-ға өсті», - делінген хабарламада.

Сауалнамаға сәйкес, екі жұп қысқы және жазғы аяқ киімге қол жеткізе алмайтын қазақстандықтардың үлесі 15,3%-ды құрады. Ал тозған аяқ киім мен киімді ауыстыра алмайтын қазақстандықтардың үлесі 4,7%-дан 5%-ға дейін өсті.

Әр түрлі жас топтарының арасында 39-дан 48 жасқа дейінгі (17,4%), ең аз дегенде 18-ден 28 жасқа дейінгі қазақстандықтар, сондай-ақ зейнеткерлер (14,7%-дан) қысқы және жазғы аяқ киімнің екі жұбын сатып ала алмайтындығы туралы жиі айтылған.

Сонымен қатар, Қазақстан қалаларында ерлерге арналған аяқ киімді жөндеудің орташа құны тамызда 1393 теңге болса, ал әйелдер үшін 1113 теңгені құрады. Қызылордада ерлерге - 1000 тг, әйелдерге - 891 тг, сондай-ақ Қарағандыда ерлерге - 1049 тг, әйелдерге - 923 тг аяқ киімді қалпына келтіру арзанға түседі.

Ерлер аяқ киімін жөндеу Нұр-Сұлтан (1987 тг) және Атырау (1817 тг) тұрғындарына, ал әйелдер аяқ киімін Ақтау (1516 тг) және Атырау (1445 тг) тұрғындарына қымбатқа түседі.

Қазақстанда аяқ киім өндірісі өткен жылмен салыстырғанда артып, ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында 913,2 мың жұп (+19,7%) былғары және 34,3 мың жұп (+20,8%) киіз аяқ киімді құрады.