Мәскеуде өтіп жатқан әскерилер арасындағы әлем чемпионатында жеті қазақстандық боксшы жартылай финалға жолдама алды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің жартылай финалдағы қарсыластары келесідей:
49 келі. Теміртас Жүсіпов (Қазақстан) - Володя Мнацаканян (Ресей)
52 келі. Дамир Абдикадир (Қазақстан) - Шон Иман Мари (Ирландия)
56 келі. Рүстем Шауменов (Қазақстан) - Овик Оганесян (Ресей)
64 келі. Айтжан Әшірхан (Қазақстан) - Муджибилло Турсунов (Өзбекстан)
75 келі. Тимур Нұрсейітов (Қазақстан) - Морено Фендеро (Франция)
91 келі. Абзал Құттыбеков (Қазақстан) - Сохеба Буафия (Франция)
69 келі. Жасмин Кизатова (Қазақстан) - Барбара Мария дос Сантос (Бразилия)
«Әлем чемпионатының финалистері 23-24 қыркүйек күндері анықталады. Ал финалдық жекпе-жектер 25 қыркүйекке жоспарланған», деп жазады ҰОК баспасөз қызметі.