«Егемен Қазақстан» республикалық газеті ұйымдастырған «Атамекен» экспедициясы Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған аудан аумағында орналасқан Шерқала, Айрақты тауларында, Ақмыш мәдени орнында, археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан Қызылқала жерінде болған экспедиция мүшелері «Көгез» этноауылды тамашалады. «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде болып, зиялы қауым өкілдерімен, өлкетанушы, тарихшы ел ағаларымен кездесті.