• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Қыркүйек, 2021

Павлодарда есірткі сатқан шетелдік ұсталды

351 рет
көрсетілді

Павлодарда есірткі таратумен айналысқан Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Павлодарлық жедел уәкілдер облыс орталығының аумағында есірткі құралдарын заңсыз таратумен айналысқан Өзбекстан Республикасының 45 жастағы азаматын ұстады. Тінту барысында жедел уәкілдердің тұрғылықты жері бойынша «гашиш» есірткі заты бар 190 пакет табылды. Жалпы салмағы 1 килограмм 300 граммды құрады», деді Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Шетелдікпен қылмыстық байланыста болған Павлодар облысының 34 жастағы тұрғынының жеке басы да анықталды. Ер адам тұрған ферма ғимараттарын тексерген кезде полиция үйдің ауласынан өсімдік тектес жасыл затпен толтырылған екі сөмкені тапты. Сарапшылар табылған заттың салмағы 19 кг марихуана екенін анықтады. Ер адамдарға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.