«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Бас директоры Биджу Наир кәсіпорында қол жеткізілген вакцинация көрсеткіші, әлемдегі ArcelorMittal компаниялар тобындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі екенін хабарлады. Ол компания қызметкерлеріне видеоүндеу жолдап, алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Вакцина алғандардың 90 пайызы - біздің 32000-нан астам қызметкерлеріміз және біздің мердігерлердің 4000-нан астам қызметкерлері, яғни барлықтарыңыз. Бұл бәріміз үшін үлкен жеңіс!», деді Биджу Наир.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ барлық менеджерлері де коронавирус инфекциясына қарсы екпе алды.
Биджу Наир Елбасы - Нұрсұлтан Назарбаевтың, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, сондай-ақ, премьер-министр Асқар Маминнің вакцина науқанын ұйымдастырудағы рөлін атап өтті.
«Қазақстан вакцина қолжетімді ғана емес, оларды таңдау мүмкіндігі бар санаулы елдерінің бірі. Ұлттық вакцина да әзірленді», деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Бас директоры.
Биджу Наир Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекке компания қызметкерлері үшін вакцинацияны ұйымдастыруға белсенді көмектескені үшін алғыс білдірді. Егу пункттері, медицина қызметкерлері барлық қажетті жабдықтарымен бірге кәсіпорындар аумағында жұмыс істеді.
Биджу Наир өз үндеуінде әлі COVID-19 вакцинасын алмаған адамдарды тез арада вакцинациялауға шақырды. Ол вакцинация - адам өмірін сақтап қалудың бірден-бір жолы екенін еске салды.