• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Қыркүйек, 2021

Қазақстан мен Ресей сарапшылары діни экстремизмді талқылады

294 рет
көрсетілді

Бүгін Қазақстанның Азаматтық альянсы мен «Еуразия халықтары достастығы» Ресей автономды коммерциялық емес ұйымы ұйымдастырған «Діни экстремизмнің трансшекаралық қатерлері: Қазақстанның көзқарасы» халықаралық сараптама алаңы өтті, деп хабарлайды  Egemen.kz АҚДМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сараптама алаңының жұмысына Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов, Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева, ғылыми-сарапшылық қоғамдастықтың, дәстүрлі дін өкілдерінің, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің діни экстремизмнің алдын алу саласындағы жетекші сарапшылары қатысты.Ержан Нүкежанов өз сөзінде халықаралық терроризм мен экстремизмнің таралу қаупін алдын алу, ел ішінде және одан тыс жерлерде қауіпсіздікті нығайту мәселелері Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі негізгі басымдықтары болатынын атап өтті.