ҚР Сыртқы істер министрлігі жеті елдің уәкілетті органдарымен вакцинация паспортын өзара тану туралы нота алмасты, деп жазады Egemen.kz.
Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның толық курсынан өткен Қазақстан және Грузия, Қырғызстан, Мажарстан, Молдова, Моңғолия, Таиланд, және Түркияның азаматтары мемлекеттік шекараларды карантиндік шектеулерсіз (ПТР тест тапсыру, өзін-өзі оқшалау және т.б.) кесіп өте алады.
Сонымен бірге, Беларусь, Вьетнам, Мысыр және Оман сияқты елдер шетелдік мемлекеттердің вакциналау паспортын біржақты тәртіппен таныды және келушілерге кіруді жеңілдетті.
«Бүгінгі таңда Аргентина, Армения, Әзербайжан, Иордания, Индонезия, Марокко, Өзбекстан, Ресей, Филиппиндер және т.б. мемлекеттермен COVID-19-ға қарсы вакциналау паспортын өзара тану бойынша келіссөздер жүріп жатыр», деп жазады СІМ баспасөз қызметі.