Бұл жайында қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Бекболат Абдикадыров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Биыл 11 адам суға кетті. Тіркелген 11 фактінің төртеуі тыйым салынған жерлерде орын алса, алтауы суға шомылу үшін жабдықталмаған аймақта болған. Тағы бір суға кету фактісі шомылуға рұқсат етілген «Самал» демалыс базасының аймағында орын алған. Сонымен қоса суға кеткен 1 бала және 19 ересек құтқарылды», деді Бекболат Абдикадыров.
Департамент мәліметінше, өткен жылы 9 адам суға кеткен. Оқыс оқиғалардың басым көпшілігіне азаматтардың судағы қауіпсіздік шараларын сақтамай, тыйым салынған жерлерде шомылуы себеп болып отыр.