• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 24 Қыркүйек, 2021

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының ширек финалдағы қарсыласы анықталды

271 рет
көрсетілді

Қазақстан құрамасының футзалдан әлем чемпионаты ширек финалындағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Ширек финалда 27 қыркүйекте қазақстандық футзал шеберлері Иранмен кездеседі.

Ирандық құрама бүгін 1/8 финалда Өзбекстан құрамасын 9:6 есебімен тізе бүктірді.

Еске салсақ, 23 қыркүйекте Қазақстан жарыстың аталған сатысында Таиландтан 7:0 басым түсті. Сол күнгі тағы бір кездесуде Аргентина Парагвайды 6:1 есебімен жеңді.

Айта кетсек, 22 қыркүйекте Ресей Вьетнамды, Марокко Венесуэланы 3:2 есебімен жеңіп, ширек финалға шыққан болатын.

Енді 1/8 финалда Испания мен Чехия, Португалия мен Сербия құрамалары шеберлік байқасады. Екі жұптың жеңімпаздары ширек финалда бір-бірімен кездеседі.

Қазір ширек финалдағы Марокко мен Бразилия, Ресей мен Аргентина, Қазақстан мен Иран құрамаларының кездесетіні анықталды.