• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Елорда 25 Қыркүйек, 2021

Нұр-Сұлтанда ауа сапасы нашарлайды

337 рет
көрсетілді

25 қыркүйекте Қазақстанның көптеген қалаларында метеорологиялық жағдай қолайлы болады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін еліміздің көптеген қалаларында қолайсыз метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады. Тек елордада ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.