Коронавирустың таралуына қарсы ведомствоаралық комисия әлемнің бірқатар еліндегі эпидемиологиялық ахуалға шолу жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Швейцария полициясы антиваксерлерді су шашу арқылы қудалап жіберді. Наразылықтар 22 қыркүйектен 23 қыркүйекке қараған түні екпе алуды, ковидпен ауырып, сауыққанын растайтын немесе коронавирусқа теріс сынақ туралы куәлік туралы Үкімет талап енгізгеннен кейін басталды. Енді Швейцариядағы қоғамдық орындарға кіре берісте «ковид-паспорттарды» міндетті түрде көрсету қажет.
Мальта азаматтары елге туристік мақсатта келе алатын елдердің тізімін жаңартты. Мальта билігі вакцинацияланған саяхатшыларға, соның ішінде Ресейден келушілерге елге кіруге рұқсат берді. Шешім туралы толық ақпарат ресми туристік порталда орналастырылған.
Таиландта коронавирусқа қарсы вакцинацияланғандар үшін екі апталық карантин мерзімін 7 күнге дейін екі есе қысқарту жоспарлануда. Вакцинациядан өткендігі туралы растама мәліметтерді көрсетпейтіндер, егер олар әуе шекарасынан өткен болса - 10 күнге және құрлық жолы арқылы келген болса - 14 күнге оқшауланады.