• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 25 Қыркүйек, 2021

Тәліптер өлім жазасын қайтарады

312 рет
көрсетілді

«Талибан» өкілі, Ауғанстандағы жазаны орындау жөніндегі комиссияның басшысы Нұреддин Тораби мәлімдегендей, елде өлім жазасы қайта күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz РБК агенттігіне сілтеме жасап.

 

«Біздің заңдарымыз қандай болуы керек екенін ешкім айтпайды. Біз исламды ұстанамыз және өз заңдарымызды Құран негізінде орнатамыз», деді Ауғанстандағы жазаларды орындау жөніндегі комиссияның басшысы Нұреддин Тораби.

Associated Press Торабидің сөздерін келтіріп, аяқ-қолды кесу тәжірибесі қауіпсіздікке оң әсер етеді және қылмыс жасауға «тежейтін әсерге» ие деп жазады. Алайда, жазаның бұл түрінің жариялылығы туралы мәселе талқылануда.