• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Елорда 25 Қыркүйек, 2021

26 қыркүйекте елордада қандай іс-шаралар өтеді?

469 рет
көрсетілді

Ертең, 26 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сағат 7:00-де Astana Marathon 2021 жыл сайынғы халықаралық марафоны басталады.

Жарыс 10 км-де Рысқұлов - Қабанбай батыр - Орынбор - Мәңгілік Ел - Рысқұлов бағыты бойынша өтеді.

42.2 км жүгіру келесі бағыт бойынша өтеді: Рысқұлов - Қабанбай батыр - Орынбор - Мәңгілік ел - Қалдаяқов - Панфилов - Тәуелсіздік - Нәжімеденов - Нұрмағамбетов - Байтұрсынов - Қошқарбаев - Жұмабаев - Момышұлы - Абылай хан - Қажымұқан - Жұмабаев - Қошқарбаев - Қонаев - Қазақ радиосы - Достық - Мәңгілік Ел - Рысқұлов.

Сағат 10:00-де «Хан Шатыр» СОО алдында Ақтөбе облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі жалғасын табады.

Сағат 18:00-де Qazaqstan жеңіл атлетикалық кешенінде Batyrs' Battle турнирі басталады.